Масс-медиа туралы заңның тұжырымдамасы қоғамда қызу талқыланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Масс-медиа туралы заңның тұжырымдамасы қоғамда қызу талқыланып жатыр

09.02.2023

Масс-медиа туралы заңның тұжырымдамасы нормативтік-құқықтық актілер сайтына жарияланып, қоғамда қызу талқыланып жатыр. Жаңа құжатта мемлекеттік органдарға аккредиттеуден өтуге бірыңғай баспасөз картасын енгізу ұсынылып отыр. Ол тек кәсіби журналистерге ғана беріледі. Бұл БАҚ өкілдерінің әлеуметтік-құқықтық мәртебесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Картаны беру мен алу тетіктерін үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.

Қанат Ысқақов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

Әлі талқыланады. Біздің жоспар бойынша, заң жобасы Мәжіліс қарауына наурыз айының аяғында немесе сәуір айының басында кіруі тиіс. Сөз бостандығы, цензураға тыйым салу, журналистің әлеуметтік мәртебесін қолдау және ақпараттық қол жетімділікті ары қарай дамыту бағытында біздің ең басты мақсаттарымыз болып қалады.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу