ЕАЭО аумағында жоғары аудит органдары кеден саласын бақылайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО аумағында жоғары аудит органдары кеден саласын бақылайтын болды

09.02.2023

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жоғары аудит органдары кеден саласын бақылайтын болды. Сенат тиісті келісімді ратификациялау туралы Заңды мақұлдады. Құжат одаққа мүше мемлекеттердің кедендік баж сомаларын есепке алу мен бөлу тәртібін бақылауды қамтамасыз етеді. Оған халықаралық ұйымға мүше елдердің басшылары 2021 жылы қарашада қол қойған . Бірлескен іс-шара жыл сайын өтеді. Оны мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдарының өкілдерінен құралатын топ жүзеге асырады. Қорытынды бойынша заң бұзу фактілері, талдау нәтижелері, тиісті ұсыныстар жасалады. .

Ардақ Теңгебаев, ҚР Жоғары аудиторлық палата мүшесі:

Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жойып, ұсыныстардың іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдап, өз елінің Үкіметі мен жоғарғы аудит органына хабарлайды.

Соңғы 5 жылда елімізде импорттық баждар көлемінде оң нәтиже байқалады. Бірақ, геосаяси ахуалдың өзгеруіне байланысты былтыр бюджетке тек 291 млрд теңге баж салығы түскен. Сенаторлар Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, Еуразиялық комиссия алаңында Қазақстанның үлесін ұлғайту тетіктерін қарастыру қажет деп отыр.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу