Президент Ішкі істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ішкі істер министрін қабылдады

09.02.2023

Президент Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады. Ұйымдасқан және есірткі қылмыстарына қарсы шаралар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарының нәтижелері жөнінде баяндамасын тыңдады. Сондай-ақ шетелдік көліктерді заңдастыру барысынан хабардар болды. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қоғам өкілдері мен журналистерге қарсы бағытталған заңға қайшы әрекеттер мен арандатушылықты әшкерелеуді тапсырды.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

Президентке криминогендік жағдайды баяндадым. Осы жасалып жатқан іс-шаралардың арқасында аса ауыр қылмыстарды тіркеу саны азайды. Мысалы, қасақана кісі өлтіру фактілері 40 пайызға, ұрлық 34 пайызға, ауыр қылмыстар санатына жататын қылмыстарды тіркеу азайып отыр.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу