Атыраудағы Теңіз кен орнында вакуум цистернасы жарылып, бір жұмысшы көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы Теңіз кен орнында вакуум цистернасы жарылып, бір жұмысшы көз жұмды

09.02.2023

Атыраудағы Теңіз кен орнында вакуум цистернасы жарылып, 37 жастағы бір жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиғадан тағы бір адам жарақат алды. Техника мұнай-газ, медицина және өзге де салалардағы өндірістік қалдықтарды жоюмен айналысатын мердігер мекеменің біріне тиесілі болған. Жағдайдың жай-жапсары белгісіз. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу