Талдықорғанда ми ісігіне шалдыққан арланға шұғыл көмек қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда ми ісігіне шалдыққан арланға шұғыл көмек қажет

08.02.2023

Талдықорғанда ми ісігіне шалдыққан жеті жасар Арлан Мұратқа шұғыл операция қажет. Бірақ мұндай ем тек шет елдегі дәрігерлердің қолынан келеді, дейді ата-анасы. Қазіргі таңда шарасыз қалған отбасы арнайы қор ашып, қазақстандықтардан көмек сұрап отыр. Ал жат жұртта ем алу үшін 56 млн теңге қаражат қажет.

Арланның арманы асқақ еді дейді, анасы. 7 жастағы балаға бұған дейін ми ісігіне операция жасалып, бәрі сәтті болған. Бірақ соңғы бір айда дерті қайта асқынған. Ісік жұлынға түсіп, Арланның көру қабылеті нашарлаған. Ал жат жерден ем іздеудің басты себебі өңірде балалардың қатерлі ісігін емдейтін маман жоқ.

Салтанат Беркендікова, Арланның анасы:
Біздің Талдықорғандық балалар емханасы, облыстық ауруханасының ешқайсысында нейрохирург жоқ. Балалар онкологы да жоқ. Біз бір облыспыз ғой. Сонда қалай нейрохирург, онколог жоқ? Қазір екінің бірінде кездесіп жатқан ауру ғой.

Арланды атанасы қолда бар аз ақшамен шетелдік дәрігерлерге көрсету үшін бірнеше күн бұрын жолға шықпақ болыпты. Бірақ баланы тасымалдауға келмейді деп оларды Талдықорғанға кері қайтарған. Қазір ол облыстық балалар ауруханасы мамандарының бақылауында. Білікті маман тапшы болғандықтан енді дәрігерлер Арланды Алматыға жібермек.

Арайлым Смағұлова, облыстық балалар ауруханасы неврология бөлімінің меңгерушісі:
Жағдайы қазіргі таңда ауыр, тұрақты. Біз ол баланы Алматы қаласының педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығына жіберуге дайындап жатырмыз.

Арланның ендігі жағдайы осы орталықтағы білікті мамандардың қолында. Бірақ ата-анасы шетелде ем-дом жасалса баланың тез оңалып кетеді деп сенеді. Арманы асқақ Арланға төмендегі реквезиттер бойынша қолдау білдіруге болады.

Мұрат Арлан

+7 707 682 8121

 Салтанат Б.

910509402377 ЖСН

KZ886010002012666680 Halyk

KZ56722C000026846518 Kaspi

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу