Алматыда сайран су қоймасын тазарту басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сайран су қоймасын тазарту басталды

08.02.2023

Алматыда Сайран су қоймасының түбін лайдан, қамыс пен қоқыстан тазарту жұмыстары басталды. Мамандардың сөзінше, жоба аясында тереңдету, еңістерді түзеу мен батыс жағалауды реттеу сияқты жұмыстар атқарылады. Су қоймасының түбін тазарту аумағы - 160 мың шаршы метрден астам. Бұдан бөлек тағы екі көлді тазалау жоспарланған. Еске салайын, өткен жылы санитар дәрігерлер көлден ішек таяқшаларын анықтаған. Осыған байланысты арнайы құрылған комиссия тұрғындарға шомылуға тыйым салып, суды толық ағызып жіберген еді.      

Мақсат Қабиденов, қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының бөлім басшысы:
Жоба бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары үш көл бойынша 7 айға созылады. Сайраннан басқа Алматы қаласында биылғы жоспарда үш көлді тазалау жұмыстары жоспарланды. Ол әуежайдағы көл және Қарасу ықшамауданындағы Қарасу көлі. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу