Батыс Қазақстан облысында Мәжіліс, мәслихат депутаттарының сайлауына кандидат болуға 542 адам өтініш берді.
Қазір облыстық сайлау комиссиясында олардың талапқа сәйкестігі анықталып жатыр. Өңірде 504 сайлау учаскесі бар. Олардың құрамында 4 мыңнан астам комиссия мүшесі жұмыс істейді. Дауыс беру құқығы бар 449 мың адамның тізімі нақтылануда. Оларға бес бюлетень дайындалады. Біреуінде Мәжіліс, екеуінде - облыстық мәслихат, қалған екеуінде тұрғылықты жеріне орай аудандық не қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлерлердің аты-жөні жазылады.