Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына жоғары дайындық режимі енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына жоғары дайындық режимі енгізілді

06.02.2023

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына жоғары дайындық режимі енгізілді. Өйткені алдағы көктемде аймақта 71 елдімекенді су басу қаупі бар. Әсіресе таулы аудандарда жағдай күрделі. Өйткені аймақта қар, өткен жылдарға қарағанда, 2-3 есе көп жауды. Ал «Қазгидромет» орталығының мамандары ақпан мен наурыз да жауын-шашынды, деп болжап отыр.

Өскеменнің шетінде тұратын Жанасбек Сәлиұлының ауласында қазір қар үйетін жер қалмаған. Онсызда ойпаң жерде орналасқан «Шығыс» ауылының тұрғындары енді су баса ма деп, қауіптеніп отыр.

 Жанысбек Сәлиұлы, Шығыс ауылының тұрғыны:
Біздің көшенің өзі Ертіс өзенінің арнасы сияқты. Сол үшін үкімет ертерек қамдану керек. Күн бірден жылитын болса, өте қиын болғалы тұр.

Өте қиын болғалы түрғанын төтенше жағдайлар департаменті де, біліп отыр. Қарғын су басуы мүмкін деген ауыл-елдімекендерді аралап ескертіп жүр.

Егер сіздің үйіңіз су тасқындары шекараларында болса, мына ережелерді орындау қажет екен ұсынады.

   Облыс көлемінде бүгінге дейін 201 мың текше метрден аса қар шығарылған. Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 1719 маман, 750 техника мен 224 мотопомпа және 2 мың тонна инертті материал дайындалды.

Жадыра Аманғалиқызы, Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:
 Су тасқыны болған кезде халықты уақытша көшіру үшін 68 пункт ұйымдастырылған. СКЛ Бірінші ақпаннан бастап, ТЖ дағдарыс орталығында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды. Бұл штаб облыстағы жағдайды толық мониторинг жасап отырады.

       Өскеменнің өзінде су басу қаупі жоғары 11 аумақ анықталды. Олардың көбі бұрынғы саяжайлар. Бүгінге дейін қалада 24 арық тазаланды. Ал 100 ден аса көпірдің астын мұз басып жатыр. Сондықтан коммуналдық мекемелер көпір мен су өткізетін құбырларға қатқан мұзға ыстық су құйып ерітіп жатыр.

Биыл Алтай, Қатон-Қарағай, және Глубокое ауданында қар бұрынғыдан бірнеше есе көп . Жердің тоңы да тереңдеп барады.

 Ләззат Болатхан, «Қазгидромет» ШҚО филиалының директоры:
Ақжар метостанциясы бойынша 97 сантиметрді құрап отыр. Қар жамылғысының биіктігі де жоғарғы нәтиже көрсетеді.

Синоптикетрдің болжауынша, ақпан айы да қарлы болады. Ал аймақтағы атқарушы биліктің тасқынды болдырмауға қатысты атқарған жұмысының әуселесі наурыздың соңы мен сәуірде байқалады.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу