Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

06.02.2023

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда «Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын» – деп жазылған. Әрі Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу