Атырауда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының саяси науқанына 306 өтініш келіп түсті. Қазір жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тізімін нақтылап жатыр. Әзірге 84 кандидат тиісті заң нормаларындағы талаптарға сай болып шықты. Бұл сан әлі де өзгереді. Өңірде 365 сайлау комиссиясы бар. Дауыс беру күні бас-аяғы 269 учаске жұмыс істейді.
Азамат Айманақұмов, облыстық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
Күнде сандар өзгеріп жатыр. Олардың ішінде облысқа белгілі азаматтар, қоғам белсенділері бар, блогерлер, журналистер бар және мемлекеттік саланың, бюджет қызметкерлері, жастар бар. Былайша айтқанда барлық топ өкілдері бұл тізімде бар. Заң бойынша 18 ақпан тіркеу мерзімі өткеннен кейін, тіркелген азаматтардың аты-жөндерін БАҚ беттерінде жариялаймыз.
Жандос Темірғали