Волгоградта Сталинград шайқасында қаза тапқан қазақстандықтардың ерлігі ескерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волгоградта Сталинград шайқасында қаза тапқан қазақстандықтардың ерлігі ескерілді

03.02.2023

Сталинград үшін шайқаста қаза тапқан қазақстандықтардың ерлігі ескерілді. 1942 жылдың шілдесінен 1943 жылдың ақпанына дейін жалғасқан қанды қырғында қаланы қорғауға қазақстандықтар да үлес қосты. Жаумен шайқаста көрсеткен ерлігі үшін төрт қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанған.

«Отан – ана шақырады» ескерткішіндегі естелік тақта Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровке арналса, батыр Тәлібай Мырзаевқа Волгоградта жаңа ескерткіш ашылды. Сталинград шайқасындағы жеңістің 80 жылдығына орай Волгоградта әскери шеру өтті.

Райгүл Мұшанова, «Atamnyn Аmanaty» ҚБ Басқарма төрағасының орынбасары:

Сексен жыл өтсе де, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлердің сүйегін іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. 1200 адам туралы ақпарат тауып, отбасыларына жібердік. Волгоград облысы бойынша 60-тан астам өтініш түсті, 34 жауынгер табылды.



Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу