«Қазақ» газетінің 110 жылдығы: Жаңа сайт пен кітаптардың таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ» газетінің 110 жылдығы: Жаңа сайт пен кітаптардың таныстырылымы өтті

03.02.2023

«Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының тұсаукесері өтті. Оған Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан мен Ташкенттің мұрағаттарында табылған мәліметтер кірді. Алаш арысының бұрын еш жерде жарияланбаған хаттары да бар. Сондай-ақ, ұлт қайраткерінің өмірі мен шығармашылығына арналған «baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы өтті. Оған Ахмет Байтұрсынұлының жазып кеткен еңбектері мен өзі туралы түсірілген фильмдер жинақталған. Ғалымдар Ахаңның мұрасы толық түгенделіп, жан-жақты зерттеліп жатқанын айтады.

Нұрлыхан Айтова, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы:

Ол жерде ғылыми-әдістемелік еңбектер алынды. Публицистикалық еңбектер болды. Ал екінші «Дерек пен дәйек» Алаш қозғалысына байланысты, мұнда әртүрлі шетелдік архивтерден, оның ішінде бес архивтен алынған материалдардың жинағы. Олар сол кездегі Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлердің, Алаш арыстарының бір жазған хаттары, соларға қатысты құжаттар. 


Хабарламаларға жазылу