Конституциялық сотқа 800 өтініш түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституциялық сотқа 800 өтініш түскен

03.02.2023

Конституциялық сотқа бір айда 800-ден астам өтініш түскен. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Ең көп жүгінген Астана мен Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының тұрғындары. Басым бөлігі әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспейді. Зейнетақы саласына қатысты сұрақтар да көп. Ал құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келетін тұстарына шағымданғандар 14 пайыз.

Бұдан бөлек, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, ақпаратқа қол жеткізу, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түскен. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу