Елімізде он мыңыншы болып шетелдік көлігіне мемлекеттік нөмір алған адам Көкшетау қаласында тұрады. 31 жастағы Азамат Еслямбеков темір тұлпарын Армениядан әкелген.
Жалпы Ақмола облысында шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталғалы бері 377 тұрғын мемлекеттік номер алған. Олардың ішінде 340-көлікті көршілес Ресейден, қалғаны Армения, Грузия, Монғолия елдерінен әкелген. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тексеріс кезінде жалған vin-кодпен жүрген автокөліктерді де анықтаған.
Нұрбол Жұмабеков, облыстық Полиция департаменті басқармасының аға криминалисті:
Ваз, Тойота және Газель көліктерінің нөмірлік агрегаттарын салыстыру барысында сәйкессіздіктер анықталды. Тойота көлігін тексеру кезінде автокөліктің VIN-коды оқылған жоқ. Ал қалған екі көліктің техпаспортында көрсетілген vin-коды сәйкес келмеді. Жоғарыда аталған фактілер бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұмсындық Наурызбаева