Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады.
Келер жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Ол ұлттық спорт шараларымен шектелмеуі керек.
Халықаралық спорт сайысы қолөнер, туризм, қызмет көрсету саласы сияқты шағын және орта бизнес өкілдері үшін де тиімді ұйымдастырылып, кәсіптерін ілгерлетуге жағдай жасалуы қажет.
Дарын Сағитов