Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі кедендік шекара аймақтарында жаңғырту жұмыстарын биыл тамыз айының соңына дейін аяқтауы тиіс. Бүгін Сенат аталған одаққа Қырғызстанның қосылуына байланысты тиісті хаттаманы ратификациялау туралы Заңды мақұлдады. Бауырлас ел барлығы 14 өткізу пунктін жаңғырту қажет. Оның 8-і автокөлік, 4-уі теміржол және 2-уі әуе жолдарымен байланысты. Қазір көрші мемлекет аталған бағыттағы жұмыстарды тек екі автокөлік жолы бойынша аяқтаған жоқ. Олар Қытай және Тәжікстанмен шекаралас өткізу пунктерінде орналасқан.
Дарын Сағитов