АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлесе әскери жаттығу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлесе әскери жаттығу өткізді

02.02.2023

Маневрлар түрлі бомбалаушы ұшақтардың қатысуымен өткен. Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, іс-шара Солтүстік Кореядан төнген ядролық қауіпті тежеуге бағытталған.

Ал Пхеньян екі елдің бірлескен әскери жаттығуынан түбектің ірі әскери арсенал және соғыс аймағына айналу қаупі төніп тұр деп мәлімдеді. Елдің сыртқы істер министрлігі дұшпандық саясат ұстанатын Вашингтонмен диалог жүргізуге мүдделі емес екенін жеткізді.



Хабарламаларға жазылу