Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары Ақтауда мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымданған науқасқа операция жасады. 39 жастағы азаматқа медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер облысқа арнайы барды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқыс оқиға 2 апта бұрын болған. Көпқабатты үйдің 6-шы қабатынан біреулердің лақтырған жиһазы ер адамның үстіне түсіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді. Жан сақтау бөлімінде жатқан науқастың аяқ-колы істемей қалған. Дәрігерлердің айтуынша, алдағы уақытта/ оны бөлімшеге шығару жоспарланып отыр.
Думан Мырзабеков, облыстық аурухана нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:
Яғни полный омыртқасы алынып, оның орнына имплант қойылды. Жұлынды қысып тұрған бөлшектері алынып,ғ жұлын босатылды. Операциядан кейінгі кезде жағдайы бірқалыпты тұрақты ауыр. Қазір реанимация бөлімінде.
Сондай-ақ, ақтаулық дәрігерлер инсульт алған сәбиді құтқарып қалды. 39 күндік шақалақтың миына қан құйылып, аураханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Мамандар нәрестеге күрделі операция жасаған. Қазір бала анасының қасында, жағдайы жақсы.
Ербол Кенжевалов, облыстық балалар ауруханасының дәрігері:
Ұйыған қанды алып тастадық жиналған. 20 мл грамм үстінде обьем жиналған. Алмаса болмайды себебі миды бір қапталға ығыстырып жіберген ғой. Өміріне қауіпті ештеңе жоқ. Неврологический дефекті жоқ бір жақсысы, сондай тұрақты бала.
Аягөз Оралбайқызы