Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары Ақтауда мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымданған науқасқа операция жасады. 39 жастағы азаматқа медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер Маңғыстау облысына арнайы барды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқыс оқиға 2 апта бұрын болған. Көпқабатты үйдің 6 қабатынан біреулердің лақтырған жиһазы ер адамның үстіне түсіп, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді. Жан сақтау бөлімінде жатқан науқастың аяқ-колы істемей қалған. Дәрігерлердің айтуынша, алдағы уақытта оны бөлімшеге шығару жоспарланып отыр.
Аягөз Оралбайқызы