Қазақстандық сарбаздар Түркияда өтіп жатқан бірлескен әскери оқу-жаттығуға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық сарбаздар Түркияда өтіп жатқан бірлескен әскери оқу-жаттығуға қатысты

31.01.2023

Қазақстандық сарбаздар Түркияның Карс аймағында өтіп жатқан «Қыс-2023» әскери оқу-жаттығуына қатысты. Түркия тарихындағы ең ірі әскери ойындарға 17 мемлекеттің армиясы келген. Олардың арасында Қазақстаннан бөлек, Ұлыбритания, Германия мен Әзірбайжанның әскери құрылымдары да бар. Бірлескен жаттығу кезінде әскерилер арасындағы үйлестіру мен жылдам әрекет ету, сондай-ақ, қыс мезгілінде түрлі қарудан оқ ату сияқты қабілеттер шыңдалады. Оқу-жаттығудың тағы бір міндеті, қыс кезінде техникалық қызмет көрсету және басқару жүйесінің жұмысын жетілдіру. Қысқы әскери оқу-жаттығуға авиация, танк, артиллериялық бөлімшелер, миномет пен снайпер экипаждары, сондай-ақ арнайы жасақ жұмылдырылған. Былтыр ғана құрылған қазақстандық арнайы операциялар күштері мұндай әскери жаттығуға алғаш рет қатысып отыр.

Олжас Қайырханов, ҚР Қарулы күштері арнайы операциялар күштері қолбасшылығының офицері:

Оқу- жаттығу жалпы 10 қаңтардан бастап 2 ақпанға дейін мерзім аралығында өткізіледі. Әрине, біздің сарбаздардың басқа елге үйретері көп. Өйткені, суық ауа райын біздің отанымызға тән болып есептеледі. Ондай жағдайларда операциялар мен осындай оқу- жаттығу өткізуде біздің сарбаздарымыздың тәжірибесі өте мол.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу