Алматыда қажылыққа жалған жолдама сатқан компания директоры ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қажылыққа жалған жолдама сатқан компания директоры ұсталды

31.01.2023

Алматыда умра мен қажылыққа апарумен айналысатын «Kausar Travel» компаниясының директоры қамауға алынды. Бұған дейін Алматы мен Шымкент қалаларынан осы туристік фирмаға алдандық деген жүздеген адам шағымданған. Артынша қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады. Әзірге құзырлы органдарға 50 шақты жәбірленуші арыз жазған. Меккеге бару ниетімен 300-ден аса адам компанияға әрқайсысы 500-600 мың теңге көлемінде қаржы құйған. Алайда уәделі уақыт келгенде ғана сан соғып қалғандарын түсінген. Қазіргі таңда зардап шегушілерге келген шығын көлемі 33 млн теңгеден асты.

Наргиз Еспаева, Алматы тұрғыны:

Билет, виза ешнәрсе бізге берілген жоқ. Бізде группамыз бар. 23-і күні ұшатын адамдардың. 259 адам. Сол жерде де сұрақтар болды. «Біздің визаларымыз қайда? Ең болмағанда онлайн билеттеріміз». «Билет сол күні ашылады, сол күні беріледі» деген.

Жасқайрат Әмірғалиев, Ақтөбе тұрғыны:

Баларымның сыйлығы ретінде бізге Умраға жолдама алып берді. Ай жарым бұрын билетін алып, қолымызға қағазын беріп қойды. Қаңтардың 23-і күні ұшуымыз керек еді. Мен айттым. «Тіпті жібере алмасаң біз саған ренжімейміз, ешқандай өкпеміз болмайды, ақшамызды қайтарып берсең болды. Сізбен қоштасып, жүре береміз» дедік. «Иә, иә» мен әлі күнге дейін келе жатырмыз.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу