Абай және Мұқағали өлеңдері түрік тілінде жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай және Мұқағали өлеңдері түрік тілінде жарық көрді

04.05.2015
Абай және Мұқағали өлеңдері түрік тілінде жарық көрді

Алматыдағы Жазушылар Одағында Абай пен Мұқағали Мақатаевтың түрік тілінде жарық көрген кітаптарының таныстырылымы өтті.

Жиынға белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар қатысты. Класссик ақындардың шығармаларын Түрік тіліне аудару Түркиядағы Қазақстан Елшілігінің бастамасымен жүзеге асқан.

Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен қатар «Қара сөздері» де жеке жинақ болып шықты. Аударма жұмыстарымен түрік ғалымы Зафер Кибар шұғылданған. Әр кітаптың таралымы әзірге 5000 дана.

Жиын барысында болашақта қазақтың бірқатар айтулы ақындарының өлеңдерін түрік тіліне аудару мәселелері сөз болды.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу