Абай облысында екі жаңа аудан құрылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында екі жаңа аудан құрылуы мүмкін

31.01.2023

Абай облысының әкімшілігі бұрын жабылып қалған екі ауданды қайта құруға ниетті. Ол Жаңа Семей және Мақаншы ауданы. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев журналистермен кездескенде айтты. Жаңасемей ауданына қала маңындағы ауылдарды біріктіру жоспарланған. Ал 70 мың халқы бар Үржар ауданын екіге бөліп, бұрынғы Мақаншы қайтадан қалпына келтірілу үшін дайындық жүргізіліп жатыр. Өңір тұрғындары аудандарды жаңғырту бойынша мәселені үнемі көтеріп келген. Халықтың сұрауын іске асыру үшін қазір республикалық комиссия жұмысын жүргізіп жатыр.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

Қазіргі таңда республикалық жұмыс тобы жұмыс жасап жатыр. Қазіргі Үржар ауданыны екіге бөлуге. Жұмыс маусымға таман бітеді. Үржар ауданы мен бұрынғы Мақаншы ауданы қайтадан құрылатын болады деп ойлаймын.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу