Екібастұзда жылу ақысы қайта есептеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда жылу ақысы қайта есептеледі

30.01.2023

Екібастұз тұрғындары үшін қаңтар айындағы жылу ақысы қайта есептеледі. Қаланы жылумен қамту бойынша жедел штаб отырысын өткізген облыс әкімі «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС-не осындай тапсырма берді. Себебі, қаңтар басталғалы тұрғындар тарапынан шағым түсіп жатыр. Үйлері суық. Станса жабдықтар мен жылу желілеріндегі ақауды жөндеу үшін үйлерді әлсін-әлсін жылудан ажыратуға мәжбүр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 27-ші қарашасында шаһардың жылу желілерінде бірнеше жерден ақау шығып, ондаған үй жылусыз қалды. Құбыр жарылған кезде жүздеген пәтер бүлінді. Қазір 152 -сі жөнделді, 100 ге жуық баспананы қайта қалпына келтіріп жатыр. Ал, көктем шығысымен Екібастұз жылу энергия орталығындағы сегіз қазандық қайта жаңғыртылмақ.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Бізге тұрғындар жиі шағымданады. Сіздер ойластырған қайта есептеу жүйесі халықтың да, біздің де көңілімізден шықпайды. Сондықтан қайта қарастыру қажет. Есеп қисап жасамас бұрын, алдымен тұрғындарға қандай параметрлер бойынша жылу берілгенін анықтау керек.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу