«LV FORCE» қаржы пирамидасының басшысы 5 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«LV FORCE» қаржы пирамидасының басшысы 5 жылға сотталды

30.01.2023

6 мыңға жуық адамды сан соқтырып кеткен. Ақмола облысында қаржылық пирамида ұйымдастырып, жұртты алдап кеткен алаяққа қатысты сот үкімі шықты. «LV Force» компаниясының басшысы Елена Лишко Степногор қаласында жұртты оңай ақша табуға шақырып, заңсыз әрекет еткен. Салдарынан 5822 адам 147 миллион теңге шығынға ұшырады. Сот үкімімен оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу