Қытайда миллиондаған адам сапарға аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда миллиондаған адам сапарға аттанды

30.01.2023

Қытайда коронавирус қаупіне қарамастан миллиондаған адам туған жерінен ірі қалаларға оралып жатыр. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлау бұл елде осылайша жолаушылар тасқынына ұласты. «Эпидемиядан қорықпаймыз, ол өтіп кеткен шығар», - дейді шанхайлық тұрғындардың бірі. Жергілікті ақпарат құралдары ел ішіндегі сапарлар саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 74 пайызға өскенін хабарлады. Айта кетсек, Қытай «нөл-ковид» саясаты мен қатаң карантиндік шектеулерді желтоқсанның басында тоқтатты. Осыдан кейін пандемия кезінде үйлеріне бара алмаған мигрант жұмысшылар туған қаласына жаппай аттанған еді. Ресми деректерге қарағанда, Қытайда мереке күндері, яғни, қаңтардың 20-сы мен 26-сы аралығында коронавирустан 6364 адам қайтыс болған. Бұл – алдыңғы аптамен салыстырғанда екі есеге төмен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу