Оралда сырғанақ теуіп жүрген 17 жастағы қыз ауыр жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда сырғанақ теуіп жүрген 17 жастағы қыз ауыр жарақат алды

30.01.2023

Ақтөбедегі қысқы демалыс орнында жарақат алған балалар ауруханада ем алып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде қар үстінде жүретін көлік бір топ адамды қағып кетіп, 40 жастағы әйел сол жерде жан тапсырды. Одан бөлек, 5 бала мен бір ер адам зардап шекті. Біреуі алғашқы көмектен соң үйіне жіберілген. Дәрігерлердің айтуынша, 16 жастағы қыздың жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр. Жамбас сүйегі сынған. Тағы үш бала травматология бөлімшесінде. 16, бес және 1 жастағы емделушілердің жағдайы қалыпты. Бірақ толық сауығып кетуіне біраз уақыт қажет. Олар бас-ми жарақатын алған. Ал оқиға болған демалыс базасы уақытша жұмысын тоқтатты. Полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр.

Ал, Оралда 17 жастағы қыз таудан сырғанаймын деп зардап шекті.

Оқиға Ысқырықтау аумағындағы жеке демалыс базасында, түнгі сағат 10-дар шамасында болған. Бойжеткен таудан сырғанап келе жатып, темірге соғылған. Салдарынан ауыр жарақат алып, балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу