Әлихан Смайылов көш соңында қалған әкімдерді сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов көш соңында қалған әкімдерді сынға алды

30.01.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайылов инвестиция тартуда көш соңында қалған ведомство басшылары мен облыс әкімдіктерінің жұмысын сынға алды. Ең төмен көрсеткіштер Экология және табиғи ресурстар, Мәдениет және спорт министрліктеріне тиесілі. Өңірлер арасында Ұлытау, Атырау мен Жамбыл облыстары жоспарды орындай алмаған. Бұл туралы инвестициялық штабтың отырысында айтылды. Жиында негізгі капитал мен тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өткен жылғы жұмыс қорытындылары баяндалды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды. Ұлттық экономика вице-министрі былтыр негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15 трлн теңгені құрағанын айтты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Былтырғы жылдың нәтижесі бойынша 8 процентке өстік. Биыл он процентке өсуіміз керек. Ал сіздер артқа тартып отырсыздар. Бір процент, жарым процент, екі процент дегеніміз жұмыс атқарылмай жатыр деген сөз. Жүйелі түрде жасалмай жатыр деген сөз.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу