Шымбұлақтағы аспалы жол уақытша жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымбұлақтағы аспалы жол уақытша жабылды

30.01.2023

Алматыда Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы өрттің салдарынан «Комби - 2» аспалы жолының жұмысы тоқтатылды. Нысанның басшылығы шығын сомасы анықталып жатқанын хабарлады. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша бұл аумақ жабық болатынын ескертті. Еске салайық, кеше таңғы уақытта Шымбұлақта өрт шықты. Жалынның аумағы шамамен 800 шаршы метрдей жерді құраған. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тілсіз жау «Талғар шатқалы – 3200» жолына жақын орналасқан мейрамханадан шыққан. Жалынды сөндіру үшін суды қарға айналдыратын генераторлар қолданылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу