Қысқы универсиада жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысқы универсиада жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді

28.01.2023

ХХХІ Қысқы универсиада жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеңімпаз студенттер мен олардың жаттықтырушыларына сәтті өнер көрсеткені үшін алғыс білдірді. Президенттің Алғыс хатын табыстады.

Араға төрт жыл салып, АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен ойында спортшыларымыз қоржынға 11 медаль салды. Оның үшеуі алтын, төртеуі күміс, төртеуі қола. Үкімет қаулысына сәйкес, дүниежүзілік жарыста орын алған атлеттерге 5-15 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Ал, олардың жаттықтырушыларының жалақысы 40 пайызға өседі. Министрдің айтуынша, спортшыларға арналған бір реттік төлемнің мәселесі жуық арада шешіледі.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Қазіргі таңда Үкіметтің тиісті қаулысы әзірленіп, пысықталуға жіберілді басқа органдармен келісуге. Қолымыздан келгенше тездетуге тырысамыз. Жалпы, оның ресми өзінің жолымен бір айға созылады. Неге десеңіз, Үкіметтің арнайы қорынан берілетін ақша. Бірақ, заңды түрде процедураларды жүзеге асыруымыз керек.


Хабарламаларға жазылу