Мемлекеттік кеңесші Ұлттық арнаға сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші Ұлттық арнаға сұхбат берді

28.01.2023

Саяси қуған-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия аясында 2 миллионнан астам материал құпиясыздандырылды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық арнаның «Бас тақырып» бағдарламасында осылай деді. Оның айтуынша, Мемлекеттік комиссия жарыққа шығарған 31 томдық кітаппен тоқтап қалмайды. Мұрағаттардан алынған деректер мен құпия санатынан шығарылған құжаттар тағы да жарияланып отырады. Бұл қандай құжаттар? Комиссия қандай құзырлы органдардың мұрағатындағы материалдарға қол жеткізді? Бұл қанша адамның ақталуына себеп болады? Мемлекеттік кеңесші осы сұрақтарға жауап берді.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

Құзырлы органдардың тарапынан өздеріндегі жабық архивтерге зерттеушілерге жұмыс істеуге мүмкіндік беріліп, зерттеушілер сол құжаттармен жұмыс жасап, ортақ құрылған комиссияның шешімдерімен көптеген маңызды құжаттарды құпиясыздандырып жатырмыз. Жалпы осы уақыттың ішінде жалпы саны мен сізге айтайын, 2 миллионнан астам материал құпиясыздандырылды.

Бұдан бөлек, Ерлан Қарин көне дәуірден бастап осы күнге дейінгі аралықты қамтитын Қазақстан тарихының көптомдығы дайындалып жатқанын айтты. Осы және басқа да жаңалықтар қамтылған сұхбатты бүгін кешкі жаңалықтардан кейін, сағат 20:30-да көре аласыздар.

Серік Селеубайұлы


Хабарламаларға жазылу