Жетісу облысында 18 мыңға жуық тұрғын өз берешегін төлей алмай қара тізімге іліккен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 18 мыңға жуық тұрғын өз берешегін төлей алмай қара тізімге іліккен

28.01.2023

Жетісу облысында 18 мыңға жуық тұрғын өз берешегін төлей алмай қара тізімге іліккен. Ал жалпы өңір бойынша 185 мыңнан астам азамат әртүрлі деңгейдегі банктер мен шағын несие ұйымдарына қарыздар. Халықтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң тығырыққа тірелген азаматтардың мәселесін түбегейлі шешпесе де, жағдайын тұрақтауға мүмкіндік бермек. Талдықорғанға барған Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің қызметкерлері жергілікті тұрғындармен кездесіп, жаңа заңның негізгі қағидаттарын түсіндірді. Банкрот деп танылу үшін не істеу керек және одан кейін қаржылық мүмкіндіктерді қалай пайдалануға болады деген сұрақтарға жауап берді.

Сәуле Нұрғалиева, қала тұрғыны:

Өзімнің басымда кредитім бар отбасымызбен. Бір Алматының компаниясы бізді алдап, тақырға отырғызып, кредит алғызып, содан бес жылға өтіп кетті. Енді екі жылын төледік. Қалған үш жылын төлей алмай жатырмыз.

Айбол Аманов, ҚР ҚМ МКК Басқарма басшысының орынбасары:

Әртүрлі осындай қарызды өндіру аясында әртүрлі шектеулерге, әртүрлі қиыншылықтарға душар болған халық осы заңнама арқылы өзін банкрот деп танып, қарыздарынан босатылып, еркін өмірін таза жолдан, таза парақтан бастауға мүмкіндік беретін заңдардың бірі.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу