«Анашым, мен тірімін!». Астанада осындай атаумен әлеуметтік тақырыптағы фильмнің тұсаукесері өтті. Туынды ауыр дертке шалдыққан балаларға жауапты инспектор әйел туралы.
Перзентінен айырылып, қайғы жұтқан ананың еңсесін тіктеуіне жетімдер үйінен асырап алған баласы көмектеседі. Туындыда, сондай-ақ жасөспірімдердің қиын тағдыры баяндалады.
Фильмнің алғашқы таныстырылымы Канадада «Cannes 7th Art Awards» кинофестивалінде өтіп, «Grand Prix of the Silk Roud countries» марапатына ие болды. Режисер Азиз Заиров бұл фильм - тағдырына мойымаған қайсар жандар туралы екенін айтады.
Азиз Заиров, режиссёр:
Бірінші фильмде арбадағы ДЦП диагнозымен Гамнет рөлі арқылы ел қатарлы жүріп, өмірге деген махаббатын көрсетті. Ал екінші шығарылымның тарихы арбаға таңылып, екі қолы істен шыққан жас қыздың оқиғасы. Ол қыз барлық шаруаны аяғымен жасап, көп нәрсеге жеткен. Осылардан кейін үшінші бөлімін де шығару ойға келді. Бұл бөлімін бар қиындығы түскен анасына арнадық.