Ұлыбританияда банкроттық алдында тұрған кәсіпкерлер көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда банкроттық алдында тұрған кәсіпкерлер көбейді

27.01.2023

Ұлыбританияда банкроттық алдында тұрған кәсіпкерлер қатары артты. Өйткені кіші және шағын бизнес иелерінің шығыны көп. Ал қызметі мен өнімдерін тұтынатын халықта ақша аз. Жалпы, Ұлыбританияда кәсіпкердің қарызы 3 млн теңге болса немесе өзін-өзі жоюға өтініш берсе, оның қаржылық жағдайы ауыр деп саналады. Зерттеулерге сәйкес, шығындары шаш етектен бизнес иелерінің қатары көбейіп отыр. Оларға қатысты шығарылған сот шешімдерінің саны соңғы үш айда 2021 жылмен салыстырғанда 52%-ға өскен. Кәсіпкерлердің жағдайы алдағы айларда тіпті қиындауы мүмкін. Өйткені сәуірде мемлекет бизнесті арзан электр энергиясымен қамтамасыз етуді тоқтатады.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу