Ақмола облысында бір күнде интернет-алаяқтықтың 7 дерегі тіркелді. Келтірілген залал 11 миллион теңге. Бір жағдайда «банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалу схемасы» қолданылған. Яғни, айлакер өзін банк менеджері ретінде таныстырып, жәбірленушіні «атыңызда несие бар, одан құтылу үшін жеке мәліметтеріңіз қажет» деп алдаған. Осылайша оның атына 1 миллион теңге кредит рәсімдеп жіберген. Облыс тұрғыны бұл туралы банк қызметкерлері хабарласқанда ғана білген. Тағы да 3 адам білместіктен ұялы телефондарына күмәнді сайттардан түрлі қосымша жүктеген. Алаяқтар сол арқылы олардың жеке мәліметтерін біліп алып, 1 миллионнан 7 миллион теңгеге дейін онлайн несие рәсімдеген.