Сайлау кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалады. Орталық сайлау комиссиясы осы мақсатта арнайы Қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына ерекше қажеттілігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге жәрдемдесуі тиіс. Саяси науқан туралы хабар тарату да солардың қызметіне кіреді. Конституциялық заң бойынша биылдан бастап сайлауға түсетін партиялық тізімге әйелдер мен жастардан бөлек мүмкіндігі шектеулі жандар қосылып отыр. Үш санаттың жалпы квотасы 30 пайыздан кем болмауы керек деген талап бар.
Анастасия Щегорцова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Мәслихат депутаттығына кандидаттары ретінде мүгедектігі бар азаматтарды ұсыну мүмкіндігі қарастырылды. Екінші - мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларын ескере отырып сайлау алдындағы үгіт жүргізу мүмкіндігін көздеу ұсынылады.
Асылбек Данияр