Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті

27.01.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында Үкіметтің инвестициялық бағыттағы жұмысын күшейту жөніндегі ұсыныстар қаралды. Дауларды қарау процесін жеделдету мен инвесторларды құқықтық қорғау шараларды да талқыланды. Қатысушылар өңірлерде инвестиция тартуды ынталандыру, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жеңілдету бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Бұдан басқа, бағалайтын компаниялардың жауапкершілігін арттыру арқылы рұқсат беру процесін цифрландыру үрдісі пысықталды.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу