Ақтауда үшем дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда үшем дүниеге келді

27.01.2023

Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді. Барлығы қыз бала, оларға Әлина, Әдина және Ясмина есімі берілді.

Нәрестелер жарық дүние есігін ашқан сәттен бастап тұрақты медициналық бақылауға алынған. Екеуінің салмағы 1 келі 600 грамм болса, үшіншісі 1 келі 850 грамм. «Ана мен бала» перинаталдық орталығындағы дәрігерлердің айтуынша, қазір ананың да, сәбилердің де жағдайы жақсы. Бұл - биыл Маңғыстау облысында дүниеге келген алғашқы үшем. 24 жастағы Гүлдана Сахи «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасының арқасында құрсақ көтерген. Аталған бағдарлама аясында былтыр өңірге 300ге жуық квота бөлінген. Соның нәтижесінде бүгінде 70-ке жуық әйел бала сүйді.

Гүлдана Сахи, Мұнайлы ауданының тұрғыны:

Біз бірінші егіз деп ойладық. Он екі аптаға барған кезде үшем екенін білдік. Әр бала өз несібесімен келеді. Сондықтан қыз-келіншектердің ештеңеден қорықпай, баланы өмірге алып келуін қалаймын.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу