Қазақстан Иранмен сауда көлемін ұлғайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Иранмен сауда көлемін ұлғайтады

27.01.2023

Ираннан Қазақстан нарығына цитрус өнімдерін жеткізу көлемі ұлғаяды. Екі ел арасында сауда-саттық пен жүк тасымалын арттыру үшін теміржол желісі мен теңіз инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарланып отыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов Иранның ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Неджадпен кездесіп, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Былтыр өзара тауар айналымы 20 пайызға, яғни 500 миллион долларға артты. Екі ел арасындағы сауда көлемін ұлғайту бағытында Қазақстан Иран нарығына қосымша 75 тауар түрін жеткізуге дайын. Меже – сауда көлемін 3 млрд долларға дейін жеткізу. Ол үшін «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін кеңейту керек. Алдағы үш жылда дәліз арқылы тауар өткізу мүмкіндігін жылына 10 миллион тоннаға арттыру жоспарланып отыр.


Хабарламаларға жазылу