Солтүстік Қазақстан облысында пайдалануға берілген тас жолдың толыққанды жөнделмегені әшкере болды. Тексеру кезінде жұмыс 53 километрлік жолдың тек жартысында ғана жасалғаны анықталған. Ғабит Мүсірепов ауданындағы тас жолды жөндеуге қаражат «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша бөлінген. Сол ақшаның 450 млн теңгесі жымқырылған. Қылмыстық істі тергеу кезінде ұрлыққа қатысы бар бірқатар тұлға анықталды.
Ұмсындық Наурызбаева