Елордада үздік технологиялық стартап жобаларының таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада үздік технологиялық стартап жобаларының таныстырылымы өтті

26.01.2023

Елордада үздік технологиялық стартап жобаларының таныстырылымы өтті. Елдің әр аймағынан келген 19 қатысушы түрлі сала бойынша әзірлеген бағдарламаларын қорғайды. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған үш жобаға 2 миллион теңге грант беріледі. Сонымен бірге, жас стартап кәсіпкерлерге инвесторлар тартуға көмектесу жағы да қарастырылған. Көкшетаудан келген Асылхан мен Мирас байқауға ерекше жобамен қатысып жатыр. Олар жол-көлік оқиғасының алдын алуға арналған «Ақ жол» жобасын дайындапты.  

Екі камерасы бар бейнетіркегіш көлік жүргізушісінің жолда ұйықтап кетуіне жол бермейді және көлік бағытын реттеп отырады. Егер, көлік тізгіндеген адамның көзі ілініп, жолақтан шығып кетсе автоматты түрде сигнал қосылады. Құрылғының болжамды құны 100 мың теңгенің шамасында болмақ.

Мирас Нүсіпов, байқауға қатысушы:
Бейнетіркегіш жеке тұлғаларға арналмаған қазір сатып жатқандарымыз. Ол логистикалық компанияларға, таксопарктарға, яндекс таксиге арналған. Қазіргі кезде ОВУ деген логистикалық компания бар, солармен жұмыс істеудеміз. Соларға тест ретінде құрылғыларды береміз.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу