Қара алтын қайта қымбаттай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара алтын қайта қымбаттай бастады

26.01.2023

Қара алтын қайта қымбаттай бастады. Әсіресе WTI маркалы мұнай бағасы қарқынмен көтеріліп келеді. Баррелі 80 доллардан асты. Ал брент 87 доллардан сатылып жатыр. Құнның өсуіне ең ірі тұтынушылардың бірі Қытайдан сұраныстың артуы себеп. Өйткені мұнда карантиндік шектеулер алынып, кәсіпорындарда жұмыс қыза түскен. Бұдан бөлек АҚШ-та мұнай қорының сәл азайғандығы да бағаға әсер етті дейді сарапшылар. Айтуларынша қара алтын құны 100 долларға жетуі мүмкін.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу