Түстен кейін Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда депутаттар бірқатар заңды қарап, мақұлдады. Құжаттардың бірі - Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттарына қатысты. Сонымен қатар, Сенат жаңа редакциядағы «Цифрлық активтер туралы» заңды мақұлдады. Құжат арқылы елімізде цифрлық активтер мен цифрлық майнингті шығару және олардың айналымы жөніндегі қызметті одан әрі дамыту үшін құқықтық база қалыптасады. Мәулен Әшімбаев Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін Парламенттің заңдар мен конституциялық заңдарды қабылдау қызметі толығымен Сенатқа жүктелетінін айтты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін заңдарды қабылдау кезінде ерекшеліктер бар екенін атап өту керек. Осы екі айда бізге үлкен жауап кершілік жүктеліп отыр. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Солардың бәрін сіздермен бірге сапалы әрі уақытылы орындаймыз деп сенемін.
Дарын Сағитов