Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды

26.01.2023
Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды

Сенат төрағасы – Мәулен Әшімбаев. Президент ұсынған кандидатураны депутаттар бірауыздан қолдады. Осылайша, Мәулен Сағатханұлы сенат спикері.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті: 

Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!

Ал Сенат төрағасының орынбасары лауазымына Жақып Асанов сайланды. Ол бұған дейін түрлі салада жоғары қызмет атқарды. Елдің бас прокуроры, жоғарғы сот төрағасы болды.


Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу