Солтүстік Қазақстан облысында 24 жастағы қыз жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында 24 жастағы қыз жоғалып кетті

26.01.2023

Солтүстік Қазақстан облысында 24 жастағы қыз жоғалып кетті.

Мамлютка қаласының тұрғынын 17 күннен бері іздеп жатыр. Туған туыстарының айтуынша Алена Пяткова 10-қаңтарда облыс орталығы Петропавл қаласына барамын деп жолға шыққан. Содан бері хабар-ошар жоқ. Ұялы телефоны сөндірілген. Полиция қызметкерлеріне іздеу жұмыстарын жүргізуге еріктілер де көмектесіп жатыр.


Э.Кәленова

Хабарламаларға жазылу