Солтүстік Қазақстан облысы мен Саха Республикасы арнайы меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысы мен Саха Республикасы арнайы меморандумға қол қойды

25.01.2023

Солтүстік Қазақстан облысы мен Саха Республикасы арнайы меморандумға қол қойды. Онда әлеуметтік, сауда-экономикалық, ғылыми техникалық салалардағы ынтымақтастық туралы келісімдер бар. Өңір әкімі Айдарбек Сапаров аймақтың экономикалық көрсеткіштері мен басым салаларын таныстырып, инвестициялық жобаларды қолдайтынын жеткізді. Өз кезегінде Айсен Николаев Қазақстанмен тығыз байланыс орнатуға дайын екенін мәлімдеді. Кездесу соңында қос тарап келісімдерді арнайы құжатпен бекітті. 

Хабарламаларға жазылу