АҚШ астанасы Вашингтонда «Орта Азия дүнгендері» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылған шарада Америка жұртшылығына дүнген халқының ұлттық киімі, қолөнері және тағамдары таныстырылды. Сондай-ақ жас қылқалам шебері Абдусамат Каримовтың жеке көрмесі де өтті. Тарихи деректер бойынша, 1870 жылдары Қытайдың Цин империясына қарсы көтерілісте жеңіліске ұшыраған дүнгендер Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Қырғызстанның солтүстік-шығысына қоныс аударады. Қазір Қытайда 10 миллион дүнген бар. Мамандардың айтуынша, көп жерде олардың ұлттық ерекшелігі мен салт-дәстүрін дамыту өзекті мәселе болып тұр. Ал, Қазақстандағы 80 мыңнан аса дүнген өзіндік мәдениеті мен бірегей болмысын сақтап отыр.
Римма Массырова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:
Қытайдың дүнгендері бізге келгенде таң қалады. 145 жыл бұрын кетсеңіздер де салт-дәстүрлеріңіз бен мәдениетіңізді сақтап отырсыз деп айтады. Бұл Қазақтанның саясатының арқасында.
Жалғас Сәдібекұлы