Перуде апталап тыйылмай жатқан шерулерден 1 млрд 300 млн доллар шығын келген. Ел президенті Дина Болуарте осылай деп мәлімдеді.
Ол желтоқсаннан бері жалғасып жатқан наразылық акцияларына радикалдық топтарды айыптады. Саяси шиеленіске қатысушыларды бейбіт келісімге келуге шақырды. Перуде демонстрация өткен айда экс-президент Педро Кастилло биліктен аластатылғаннан кейін басталды. Қақтығыстардан қаза тапқандар саны 40-қа жеткен.
Арай Төлегенқызы