Премьер-Министр Әлихан Смайылов Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесті.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инвестициялар тарту және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 24 млрд доллар болды. Премьер-Министрдің айтуынша, мұндай қарқынмен алдағы жылдары бұл көрсеткішті 30 млрд-қа дейін жеткізуге мүмкіндік бар.
Өз кезегінде Айсен Николаев цифрлық технологиялар саласында, сондай-ақ экономиканың түрлі бағыттарында жаңа инвестициялық жобаларды іске асырудың мүмкіндігі жоғары екенін айтты