Ақмола облысының Степногорск қаласында банк бөлімшесінің директоры мен кассир 255 миллион теңгені ұрлады деген күдікке ілінді. Олардың қомақты қаржыны жымқырғаны жоспарлы тексеріс барысында анықталған.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, айыпталушылар ешбір қылмыстық схемасыз және шоттарды бұрмалаусыз қомақты қаржыны бір ай ішінде кассадан алып шыққан. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.